19 қараша 2019 | 14:17

Кет десе, кез келген уақытта кетемін - Амандық Баталов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов орынбасары Бағдат Мәнізоровқа тағылған айыптар расталса, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов орынбасары Бағдат Мәнізоровқа тағылған айыптар расталса, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кінәлі болып жатса, отставкаға кету керек болды. Бұл жағдай Алматы облысында емес, Алматыда болған. Менің жұмыстан кететінімді немесе орнымда қалатынымды тек үкімет басшылығы шешеді. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келдім, адал еңбек еттім. Кет десе, кез келген уақытта кетуге дайынмын. Немерелерімнің қасында боламын. Одан қорықпаймын", - деді Баталов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Мұның алдында облыс әкімі орынбасарын бұрыннан танитынын және кез келген адамның осындай жағдайға ұшырауы мүмкін екенін айтқан еді.

Еске салайық, 27 қыркүйекте Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров абақтыға қамалды деп хабарланған болатын. Ал 30 қазанда әкім орынбасарының жұмысқа шыққаны айтылды.

Кейінірек Мәнізоров өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайын айтып берді. Ол бұл қылмыстық істердің артында белгілі адамдардың тұруы мүмкін екенін айтқан болатын. Ол адамдардың кім екенін анықтап жатырмын деген еді әкімнің орынбасары.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети