“Кеуде және іш тұсынан пышақталған“: Қызылордада оқушыға шабуыл жасалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Кеуде және іш тұсынан пышақталған“: Қызылордада оқушыға шабуыл жасалды Фото:depositphotos.com

Қызылордада мектеп оқушысына пышақпен шабуыл жасалған. Дерек бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылордада мектеп оқушысына пышақпен шабуыл жасалған. Дерек бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

15 жастағы жасөспірім кеуде және іш тұсынан бірнеше пышақ жарақатын алған. Ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Балаға операрция жасалған.

"Қазір жасөспірімнің өміріне қауіп жоқ, ол хирургия бөліміне ауыстырылды. Пациентке барлық қажетті ем көрсетіліп жатыр", – деп хабарлады облыстық аурухананың дәрігерлері.

Қызылорда облыстық Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі бойынша ("Кәмелетке толмағанға қатысты бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істі дұрыс шешу мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады өңірлік полиция.

Мектеп оқушысы қалай пышақталғаны және күдіктілердің анықталған-анықталмағаны туралы ақпарат берілмеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Иконка Tengri health

Валюта бағамы

 524.58  course up  607.05  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети