Денесіне тергеушінің атын жазып алған ақтөбелік ер адамға қатысты іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақтөбе облыстық прокуратурасы аппаратының басшысы Жасұлан Дүлембаев хабарлады. Ол тергеу барысында Бауыржан Өнерзақтың төбелес кезінде қолынан пышақ табылмағаны дәлелденбегенін және ендігі кезекте оның тек бір топ адаммен жасады делінген бұзақылық әрекеттері үшін соттайтынын айтты.

"Бауыржан Өнерзаққа қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі ("Бұзақылық, адамдар тобы") бойынша сотқа жіберілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тағылған айыптар алып тасталды", - деді Дәулембаев.
Сонымен қатар, ол тергеу барысында жіберілген қателіктерге байланысты қателіктердің орнын толтыру туралы арыз берілді.
"Қылмысқа қатысы бар басқа да азаматтарға іздеу жарияланды", - деді прокурор.
Еске салайық, Ақтөбенің тергеу изоляторында шарасыз күйге түскен ер адам өз кеудесіне тергеушінің аты-жөнін тіліп жазған. Бұл әрекеті арқылы ол өзінің кінәсіз екенін айтпақшы болған.
Бауыржан Өнерзақ Ақтөбе орталығында "Strike" түнгі клубындағы жаппай төбелеске қатысы бар делінген. Оқиға 25 маусымда таңғы уақытта болған. "Менің күйеуім де осы клубта демалған. Ол төбелесті көріп, бірден ажыратуға барған. Видеожазба бар, онда Бауыржанның төбелескендерді ажыратып жатқаны анық көрінеді. Олардың кейбірі пышақ сермеген. Видеодан күйеуімнің ешкіммен төбелеспегенін көруге болады. Бір сәтте ғана ол өзіне пышақ сермеген жігітті итеріп жібереді", - дейді Арина Нұғманова.