06 қыркүйек 2017 09:11

Абақтыда шарасыз күйге түскен ақтөбелік кеудесіне тергеушінің аты-жөнін тіліп жазған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© timeskz.kz © timeskz.kz

Ақтөбенің тергеу изоляторында шарасыз күйге түскен ер адам өз кеудесіне тергеушінің аты-жөнін тіліп жазған. Бұл әрекеті арқылы ол өзінің кінәсіз екенін айтпақшы болған, - деп хабарлайды Times kz.


Ақтөбенің тергеу изоляторында шарасыз күйге түскен ер адам өз кеудесіне тергеушінің аты-жөнін тіліп жазған. Бұл әрекеті арқылы ол өзінің кінәсіз екенін айтпақшы болған, - деп хабарлайды Times kz.

Бауыржан Өнерзақ Ақтөбе орталығында "Strike" түнгі клубындағы жаппай төбелеске қатысы бар делінген. Оқиға 25 маусымда таңғы уақытта болған. "Менің күйеуім де осы клубта демалған. Ол төбелесті көріп, бірден ажыратуға барған. Видеожазба бар, онда Бауыржанның төбелескендерді ажыратып жатқаны анық көрінеді. Олардың кейбірі пышақ сермеген. Видеодан күйеуімнің ешкіммен төбелеспегенін көруге болады. Бір сәтте ғана ол өзіне пышақ сермеген жігітті итеріп жібереді", - дейді Арина Нұғманова. 

"Екі күннен кейін смс келіп, күйеуіме іздеу жарияланғанын білдім. Таңғалдым, бірден Бауыржанға айтып бердім. Көп ойланбай, адвокат Зәуір Мәмедовке хабарластық", - деп жалғады сөзін әйел. 


© Лилия Беликова/timeskz.kz

Аринаның айтуынша, адвокат тергеушіге хабар беріп, жағдайды түсіндіруін сұраған. Тергеушінің қолы бос болмай, тек бір апта өткеннен кейін ғана қайта байланысқа шыққан. "Уақыт келіп, полиция қызметкерлері байланысқа шықты, - дейді келіншек, - Олар күйеуіммен кездесуді сұрады, қашып жүрмегеніне көз жеткізгісі келетіндерін айтты. Күйеуім адвокаттың кеңсесіне барды, ол жақта оны полицейлер күтіп отырған. Сосын олар басшылығы сабырға түсуі үшін Бауыржанға ІІД-ге баруды ұсыныпты".

Ер адам бұл ұсынысқа келісім берген, алайда ІІД-ден оны жібермей қойған. Полицейлер ақтөбеліктен жауап ала бастаған, кейін куәгер ретінде изоляторға қамаған - күдікті деп танымаған және қаулы бермеген. Ер адам құжаттарды бір тәулік өткеннен кейін бірақ алған. 

"Күйеуімді тура екі ай темір тордың арғы жағында ұстады. Осы уақыт бойы ешқандай да тергеу, ешқандай да бетпе-бет кездестіру шаралары жүргізілмеді. Олар болса полицейлер күйеуімнің куәгер ғана екенін білетін еді. Күйеуімді құтқару үшін әлеуметтік желілерде жаза бастадым, қалалық прокуратураға хабарластым, Астанаға бас прокурорға да баруға дайындалдым. Бұл шектен шыққандық қой: адам құқығы тапталды!", - дейді Нұғманова.

Ал қамау мерзімі аяқталар тұста келіншек тергеушілердің оны тағы да бір айға ұзартқысы келгенін білген. Арина көз жасын тыя алмай, күйеуіне барып, осы жайлы баяндаған. Келесі күні (28 тамызда) Бауыржан аштық жариялаған. Сонымен қатар, ол кеудесіне "В моей смерти прошу винить следователя Картименова" деп, тіліп жазған. 


© Арина Нугманова/timeskz.kz

Осыдан кейін ер адам үш күн бойы нәр татпаған. Оның жағдайы нашарлай түсіпті. 30 тамызда өткен сот отырысында судья Алданов барлығының көзінше прокурорға айғайлап, Өнерзақты дереу үйқамаққа босатуды қаулы еткен. 

"Үйге алып кеттік, сонда ғана жағдайы қалпына келе бастады. Аштық жариялауын қойды. Тілінген кеудесі жазылып келе жатыр, алайда тыртығы өмір бойына қалатын болды. Әділ шешімімен күйеуімді құтқарған судьяға рақмет", - дейді ақтөбеліктің әйелі. 

Үйқамақ мерзімі бір айға шығарылыпты. Бауыржанға үйден шығуға, журналистермен сөйлесуге тыйым салынған. "Дүйсенбіде бірінші бетпе-бет әңгімелесу өтті, зардап шеккен жалғыз адам онда Бауыржанның пышақтамағанын, қайта ажыратқанын айтты. Видеожазба сараптамаға Алматыға жіберілген, алматылық мамандар видеода күйеуімнің қолында пышақ болмағанына көз жеткізуі керек. Мұның бәрін созбалақтамай, күйеуімді осындай халге жеткізбей, ерте жасауға болар еді", - дейді ашынған Арина Нұғманова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети