Қостанай облысында Кейкі батырдың бассүйегін жерлеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Eurasian Resources Group компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай облысында Кейкі батырдың бассүйегін жерлеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Eurasian Resources Group компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты іс-шара 15 қыркүйекте сағат 11.00-де батырдың туған жері - Арқалық қаласы Амангелді ауданы Тасты ауылында өтті.
Жерлеу рәсіміне ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, тарихшылар, шығармашылық және ғылым саласы зиялылары қатысты.
Іс-шара аяқталған соң Арқалықта "Кейкі батыр. Өмірі мен өлімінің тарихы" республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Сондай-ақ, "Кейкі батыр" атты театрландырылған спектакль көрсетілді.
Суреттерді Қостанай облысының әкімдігі жолдады.
Еске салайық, биыл 12 тамызда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімов РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Кейкі батырдың мүрдесін елге қайтару туралы мәселені көтерген еді. Дмитрий Медведев бұл мәселені анықтап, шешу үшін қажетті тапсырмалар беретінін айтты. "Мен ауызша және егер қажет болса, жазбаша тапсырма беріп, бұл мәселенің анық-қанығын анықтайтын боламын", - деп жауап берді Медведев Мәсімовтің ұлт көсемдерінің мүрделерін көму үшін Қазақстанға қайтару туралы өтінішіне.