ҚР Орталық мемлекеттік музейінің директоры Нұрсан Әлімбай батырдың мүрдесін елге жеткізу процессінің қалай жүзеге асырылғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бүгін таңғы уақытта Астанаға Кейкі батырдың мүрдесі жеткізілген болатын.
ҚР Орталық мемлекеттік музейінің директоры Нұрсан Әлімбай батырдың мүрдесін елге жеткізу процессінің қалай жүзеге асырылғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бүгін таңғы уақытта Астанаға Кейкі батырдың мүрдесі жеткізілген болатын.
"Батырдың мүрдесі қазіргі уақытта ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде сақтаулы. Бұл - бассүйек. ДНҚ-ны анықтау үшін көп жұмыс қажет. Біз венгр антроплологтарымен келісім жасастық, олар таяу күндері жұмысқа кіріседі", - деді Әлімбай. Ол мүрденің жер қойнына тапсырылатынын айтты.
"Батырдың мүрдесін елге қайтару жұмыстарымен бір топ адам айналысты. Оның құрамына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Орталық мемлекеттік музейінің өкілдері енді. Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығы Үкіметтің бастамасымен өнімді еңбек етті. Мен осы мәселені шешумен 8 жыл бойы айналыстым. Саяси мәселелері жоғары деңгейде өтті. Ресейліктер біздің өтінішімізге түсіністікпен қарады. Бұл мүрде Ұлы Петр атындағы антропология және этнография музейінің антропология қорында болды. Шамамен 100 жылдай сақталған. "Кунсткамераға" кіруге мүмкіндік болды", - деді Әлімбай.
Батырдың мүрдесі Мәскеуден Астанаға бүгін, 6 қазанда таңғы сағат 5.00-де жеткізілді.
Еске салайық, биыл 12 тамызда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімов РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Кейкі батырдың мүрдесін елге қайтару туралы мәселені көтерген еді. Дмитрий Медведев бұл мәселені анықтап, шешу үшін қажетті тапсырмалар беретінін айтты. "Мен ауызша және егер қажет болса, жазбаша тапсырма беріп, бұл мәселенің анық-қанығын анықтайтын боламын", - деп жауап берді Медведев Мәсімовтің ұлт көсемдерінің мүрделерін көму үшін Қазақстанға қайтару туралы өтінішіне.
Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембайұлы - 1916 жылғы Торғайда болған ұлт-азаттық көтерілісінің батыры, атақты мерген. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Байтума қопасында дүниеге келген. Ол Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашқы күндерінен белсене араласып, сол көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі болды. Қазақстан ұлттық энциклопедиясындағы мәлімет бойынша, ол Торғайда қызыл әскер қолынан айуандықпен өлтірілген. Оның басы қазір Санкт-Петербургтегі антропологиялық қордың кунсткамерасында сақтаулы болды. Кейкі батыр Көкембайұлының ұрпақтары Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Ақтас, Тасты елді мекендерінде тұрады. 1996 жылы Кейкі батырдың 125 жыл толуына байланысты ас беріліп, ескерткіш орнатылды. Кейкі батыр жайлы мақаланы мына сілтемеден оқи аласыздар.