1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Кез келген министр қызығады". Ректордың кабинеті желіде қызу талқыға түсті24 қыркүйек 2020, 15:12

Скрин видео Скрин видео

Әлеуметтік желіде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті ректорының кабинеті қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жеке торапты, демалыс, қабылдау және сөйлесу бөлмелерін қоса есептегенде кабинеттің жалпы ауданы шамамен 250 шаршы метр.

Видео Telegram-дағы JexeNews каналында жарияланды.

"Кез келген әкім оған (кабинетке - ескерту) қызығады. Иә, тіпті министрлер қызығар еді. Экс-ректор пәтері болмаса да күн сайын осында түнейтін шығар? Қызметке деген мұндай адалдықты елестетудің өзі қиын. Қауесеттерге сенсек, бұл кеңседегі мүлікті алуға 3 күн керек болыпты. Егер мұндай қарапайым университетте осындай жағдай болса, басқа жоғары оқу орнынан не күтуге болады?", - делінген хабарламада.

Ректор міндетін атқарушы Мұхтар Байжұманов "Литер" басылымына берген сұхбатында оның алдында осы қызметте болған адам керемет кабинетке иелік еткенін атап өтті.

"Мен мұны растаймын. Университетте тексеру жүргізіледі. Мен бұл кабинетті алмаймын. Бірінші басшыға 50 шаршы метр қажет. Ал бөлменің қалған бөлігі студенттер аудиториясына айналады", - деді ол.

Сондай-ақ, бүгінде университетте қаржы-шаруашылық қызметіне заңды бұзу дерегімен сыртқы аудит жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Жоғары оқу орнында кейбір қызметкерлер Байжұмановтың жұмысына және аудиттің жүргізілуіне кедергі жасамақ болған.

Бұл факт бойынша Бас прокуратура мен ІІМ-ге шара қолдану және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін тиісті өтініштер жолданған екен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Алматыда күн суытады