“Кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін“. СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріне демалуға барғысы келетін қазақстандықтарға ықтимал қауіптер туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріне демалуға барғысы келетін қазақстандықтарға ықтимал қауіптер туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров азаматтарға үндеу жасады.

"Таяу Шығысқа демалуға баруды жоспарлап отырған барлық азаматқа үндеу жасағым келеді. Біз бірнеше күннен бері геосаяси жағдайдың аса тұрақсыз екенін бақылап отырмыз, жағдай күн сайын өзгеріп жатыр. Соған қарамастан, бұл елдерге бағыт алған рейстер әлі де жолаушыларға толы. Мысалы, кеше, шамасы, Air Astana бірнеше рейсті тоқтатты. Әрине, бұл жағдайға байланысты: ол жақтан адамдарды қалай қайтарамыз деген сұрақтар туындайды. Бұл — үлкен мәселе. Мұны бізге шешуге тура келеді. Сондықтан, демалыс үшін осы елдерге бармас бұрын, тағы бір мәрте жақсылап ойланып, байсалды шешім қабылдауларыңызды сұраймын. Өз қауіпсіздіктеріңіз үшін сіздер жеке өздеріңіз жауап бересіздер", – деді Смадияров СІМ-дегі брифингте.

Ол шетелдегі қазақстандықтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – біздің дипломаттарымыздың басты басымдығы екенін атап өтті. Смадияров қажет болған жағдайда Қазақстан барлық қажетті көмекті көрсететінін айтты, бірақ сонымен қатар "мемлекеттің ұсыныстарына құлақ асу маңызды" екенін ескертті.

"Қазір Таяу Шығысқа бару – үлкен сұрақ. Сондықтан бұл елдерге демалуға ұшпас бұрын тағы бір рет жақсылап ойланып, салмақты шешім қабылдау керек. Әзірге ұшақтар қатынап жатыр, бірақ кез келген сәтте рейстер тоқтап қалуы мүмкін. Онда Қазақстанға қайтып оралу үлкен мәселе болып қалуы ықтимал", – деп ескертті министрлік өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Астанада ірі өрт шықты
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.5  course up  611.91  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer