10 қаңтар 2015 16:47

KFC компаниясынан 5 миллион теңге бопсалаған адам сот алдында жауап береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Twitter.com ©Twitter.com

Астанада KFC компаниясынан 5 миллион теңге талап еткен азамат сот алдында жауап береді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Caspian International Restaurants Company баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астанада KFC компаниясынан 5 миллион теңге талап еткен азамат сот алдында жауап береді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Caspian International Restaurants Company баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2014 жылдың қазан айында KFC жылдам дайындалатын сауда белгісі бар компанияны белгісіз біреу қорқытпақ болды. Ол бес миллион теңге бермесе фастфудта құрт бар деген мәліметті таратып жіберетінін мәлімдеді. Компания оның үстінен Қазақстан Ішкі істер министрлігіне арыз жазды.  

Бірнеше ай өткеннен кейін ақшаны алып жатқан кезде 1982 жылғы ер адам ұсталды. Оған "аса ірі көлемде ақша бопсалау" бабымен айып тағылды. Есіл аудандық соты оны 2 айға қамауды санкциялады. Осы іске байланысты бірінші сот тыңдауы 12 қаңтарда болады.

Осыған дейін Қазақстандағы KFC компаниясының өкілдері өнімде құрттар бар деген мәліметті жоққа шығарды. Мәселе тауықтың құрттап кеткен аяғы бейнеленген сурет жайлы болып отыр. Оны біреулер әлеуметтік желідегі KFC қауымдастығында жариялады. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл сурет - фейк және өзге елдердің сайттарында жарияланып қойған. Сонымен қатар, қазақстандық мейрамханаларға ешқандай қатысы жоқ. Осыдан кейін сурет өшірілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети