Киелі мекен: Жетісуда тазалық акциясы жалғасып жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары, білімгерлері және Ілиястанушылар биыл 130 жылдық мерейтойы тойланатын ақынның ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, аумағын тазартты, - деп хабарлайды Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары, білімгерлері және Ілиястанушылар биыл 130 жылдық мерейтойы тойланатын ақынның ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, аумағын тазартты, - деп хабарлайды Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы.

Шара аясында жастар табиғат аясында ақынның өлеңдерін оқыды. Дәл осындай тағылымды эко-шара Мұхамеджан Тынышпаевтың 145 жылдығы, Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай да ұйымдастырылды.

Жалпы облыс бойынша 30 астам ескерткішке тазарту, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, оған 5000 астам адам қатысты. Оның ішінде, Орталық, Жеңіс және Ардагерлер саябағында өткен тазалық жұмыстарына Ауған соғысы, Чернобыль және еңбек ардагерлері мұрындық болды. Сонымен қатар, Кербұлақ ауданында орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы "Алтынемел" мемориалды музейінде жас табиғат сақшыларының қатысуымен музей аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, соңы жас ұрпақты тарихи мұралармен таныстыруға арналған экскурсиямен жалғасын тапты.

Облыс аумағында жалпы 1155 тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Осы аптада 70 тазалық шарасы жоспарланған: облыстың әдеби ұйым мүшелерінің қатысуымен облыс аумағындағы ақын-жазушылардың ескерткіштеріне, мектептің кадет сыныптарының оқушылары "Даңқ" аллеясы, "ҰОС ардагерлеріне" арналған ескерткіштерге тазалық шарасын жүргізеді.

Одан бөлек, облыс орталығында биыл отбасын құратын 30 жұп көшет отырғызып, "Жас отбасылар" аллеясы ашылады. Талдықорған қаласының, Қызылтас саяжайы маңында "Талдықорған – петроглифтер елінің астанасы" атты қайырымдылық экофестивалі өтеді. Экофестиваль аясында аумаққа тазарту жұмыстары жүргізіліп, жас ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Аталмыш тазалық шаралары облыстың әр аудан, қаласында жалғасын таппақ.

Tengrinews
Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.9  course up  579.38  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer