"Кірпіш" деп аталатын роликтің кейіпкері болған полиция аға сержанты қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Кірпіш" деп аталатын роликтің кейіпкері болған полиция аға сержанты қызметінен кетті Роликтің кадры

"Кірпіш" деп аталатын роликтің кейіпкері болған полиция аға сержанты қызметінен кету туралы рапорт жазды.. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Шымкенттің жергілікті полиция қызметінің өкілдері хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Кірпіш" деп аталатын роликтің кейіпкері болған полиция аға сержанты қызметінен кету туралы рапорт жазды.. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Шымкенттің жергілікті полиция қызметінің өкілдері хабарлады.

"Қазіргі уақытта сол күні осы жерде болған қалған тұлғаларға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Тексеріс барысында қызметкерлердің Сазбұқаев көшесінде болуының заңдылығы анықталады. Оның қорытындысы бойынша, сәйкес шешімдер қабылданады", - деді Шымкенттің жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан. 

Еске салайық, Шымкентте бір жүргізуші Сазбұқаев көшесінде "жол полициясы қызметкерлерінің жүргізушілерге қатысты арам пиғылды әрекеттерінің дерегін анықтағанын" хабарлап, полиция өкілдерімен болған оқиғасын видеоға түсіріп, оны Интернетте жариялаған еді. Тізгінде отырған ер адам жол ережесін бұзды делінген сылтаумен тоқтатылған. Инспектор өз әрекетін жол бөлігінде "Кірпіш" белгісі (3.1 белгісі - "Кіруге рұқсат жоқ") тұр деп түсіндіреді. Алайда, мұндай тыйым салатын белгі жол бөлігінде болмай шығады. Оның орнына 3.2 деген белгі ("Қозғалысқа тыйым салынған") тұрады, бұл белгі егер жүргізуші осы территорияда жұмыс істейтін болса немесе тұратын болса кіруге рұқсат береді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети