КҚК-ға дрондар шабуыл жасады: мұнай тасымалы шектелді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: cpc.ru Фото: cpc.ru

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) ең ірі мұнай айдау станциясы саналатын Ресей Федерациясындағы "Кропоткинская" ЖЗҚ шабуылға ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) ең ірі мұнай айдау станциясы саналатын Ресей Федерациясындағы "Кропоткинская" ЖЗҚ шабуылға ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соққы жарылғыш заттармен қатар, металл зақымдаушы элементтермен жабдықталған жеті пилотсыз ұшу аппараты арқылы жасалды. Шабуыл уақыт аралығымен жүзеге асырылып, нысанның жұмысын бұзумен қатар, станцияның жедел қызметкерлері арасында адам шығынын көздеді", - деп жазылған ақпаратта.

Шабуылдан зардап шеккендер жоқ.

"Консорциум қызметкерлері мұнайдың төгілу қаупінің алдын алды", - деп жазылған ақпаратта.

Станция қаншалық зақымға ұшырағанын және қалпына келтіру мерзімдерін бағалау үшін КҚК бас директоры Николай Горбан бастаған басқарушы топ оқиға орнына келген.

"Қазір "Кропоткинская" ЖЗҚ-ны пайдалану тоқтатылды. Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнайды тасымалдау ЖЗҚ-ны айналып өтіп, айдаудың төмендетілген режимдерінде жүзеге асырылады", - деп жазылған хабарламада.

Халықаралық консорциум акционерлеріне, соның ішінде АҚШ пен Еуропадағы компанияларға ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану арқылы азаматтық мекемеге жасалған шабуыл және оның салдары туралы құлағдар етілген.

Қазақстанның Энергетика министрлігі КҚК қазақстандық мұнайды шектеусіз қабылдайтынын хабарлады.

"КҚК тарапынан қазақстандық мұнайға шектеулер жоқ, қабылдау штаттық режимде жүзеге асырылады", - деді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer