ҚҚС-ның күрт өсуі бизнестің тұралауына әкеп соғады - депутат

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Midjourney Midjourney

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев бизнеске салық салу жүйесін реформалауға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев бизнеске салық салу жүйесін реформалауға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың сөзінше, бюджеттік дағдарыс ұзақ жыл бойы жиналған және оның жүйелі себептері бар.

"Күрделі әрі батыл шешімдер қабылдайтын уақыт келді дегенді жиі естиміз. Мұнымен көпшілік келіседі деп ойлаймын. Бірақ біз не көріп отырмыз? Үкімет ҚҚС-ны күрт көтеріп, оның шегін төмендетуді ұсынып отыр. Бұл ретте ҚҚС айналымнан алынатын салыққа айналуы мүмкін және барлық сома тауарлардың құнына қосылмақ, бұл - тұтынушы үшін қосымша салмақ", - деп мәлімдеді депутат.

Бейсенғалиевтің айтуынша, ҚҚС-ның күрт өсуі бизнестің тұралауына және көлеңкелі экономиканың өсуіне әкеп соғуы мүмкін.

"Бизнес тығырыққа тіреледі. Барлығымыз экономиканы дамыту ең маңызды міндет екенін білеміз. Үкіметтің жұмысын экономиканы дамытуға, шетелдік инвестицияларды тартуға және бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағыттау керек. Осылайша, бұл экономика көлемінің өсуі есебінен салықтан түсетін түсімдерді ұлғайтады", - деді депутат.

Жағдайды түзету үшін депутат Бейсенғалиев тиімсіз шығындарды оңтайландырып, нақты секторды қолдау шараларын қайта қарауды ұсынды.

"Мемлекет қаражатты тек нақты жұмыс орындарын құрып, жоғары қосылған құны бар өнім шығаратын кәсіпорындарға салуы керек", - деді ол.

Депутат ҚҚС мөлшерлемесін көтеру тұрғысында кешенді тәсіл қажет екенін, балама шешімдерді зерттеу және салық жеңілдіктерін қайта қарау керек екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл мәселені қосымша талқылау қажет. Сонымен қатар депутат салықтан жалтарумен күресті күшейту қажет екенін жеткізді.

Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесін арттыру қажет екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы реформалар туралы шешімді қолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer