ҚҚС өсімі кімдерге әсер етпейді? Вице-премьер жауабы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығының (ҚҚС) өсуіне қатысты реформаның кімдерге әсер етпейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығының (ҚҚС) өсуіне қатысты реформаның кімдерге әсер етпейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бұл бастама қоғамда кеңінен талқыланып жатыр.

"Соңғы уақытта бұл мәселеге қатысты түрлі мәлімдемелер айтылды. Мысалы, кеше, қателеспесем, Қостанайда немесе Шығыс Қазақстанда үй жанындағы дүкен иелері мәлімдеме жасады. Олар өңірлік кәсіпкерлер палатасымен кездесіп, ҚҚС-тың өсуі олардың соңғы нанын тартып алатын жағдайға жеткізеді деп алаңдаушылық білдірді", – деді ол.

Алайда, Жұманғариннің айтуынша, бұл өзгеріс бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлерге әсер етпейді.

"Біз әрдайым айтып келеміз: халықпен жұмыс істейтіндердің барлығына – үй жанындағы дүкендер, дүңгіршек, шатыр, мейрамхана, шаштараздар – бұл реформаның мүлдем қатысы жоқ. Олар бұрынғыдай жылдық жиынтық табысы 2,4 миллиард теңгеге дейінгі шекте бөлшек сауда режимінде жұмыс істеп, 4 пайыздық салық төлей береді. Олар үшін ештеңе өзгермейді. (...) Бұл реформа бизнестің өте тар қабатына қатысты. Отбасын асырап, халықпен жұмыс істейтін, базарларда сауда жасайтын адамдар, бұл реформа оларға ешқандай әсер етпейді - бөлшек салық сақталады", - деп атап өтті шенеунік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer