20 ақпан 2023 10:08

ҚМА ресейлік астықты Қазақстан арқылы заңсыз импорттау схемасын әшкереледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қаржы мониторингі агенттігі ресейлік астықты Қазақстан арқылы әрі қарай экспорттау үшін тасымалдау схемасын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы мониторингі агенттігі ресейлік астықты Қазақстан арқылы әрі қарай экспорттау үшін тасымалдау схемасын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті облыстың көлік прокуратурасының үйлестіруімен Қазақстан аумағы арқылы үшінші елдерге одан әрі экспорттау мақсатында ресейлік астықтың сұр импорты схемасын анықтады.

"ЖШС 2021-2022 жылдары 1 миллиард теңгеден аса сомаға 8,3 мың тонна ресейлік астықты Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға экспорттады. Бұл ретте қазақстандық компания жеңілдетілген экспорттық тарифті алу үшін отандық шаруа қожалықтарынан астықты қазақстандық екенін растайтын жалған шот-фактураларды пайдаланған, бұл транзиттік тарифтен жалтарып, "ҚТЖ Жүк тасымалы" ЖШС-не 150 теңгеге жуық сомасында залал келтіруге әкеп соқты", - делінген хабарламада.

Соталды тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети