25 тамыз 2018 13:06

Қожамжаров Түркістан облысының тұрғынына ақталуға көмектесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ombudsman.kz © ombudsman.kz

Бір ай ішінде Жоғарғы Сот Бас прокурордың 14 наразылығын қанағаттандырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бір ай ішінде Жоғарғы Сот Бас прокурордың 14 наразылығын қанағаттандырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау - Прокуратура органдары жұмысының басым бағыттары.

"Заңға сәйкес Бас Прокурор өзінің бастамасы негізінде немесе тұлғалардың өтінішхаты бойынша күшіне енген сот актілеріне кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы наразылық енгізу құқығына ие", - делінген хабарламада. 

Соның ішінде Сарыағаш аудандық сотының 2016 жылғы үкімімен азамат Раймжанов полиция қызметкеріне қатысты жалған сөз жеткізгені ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы 2-бөлігі бойынша 1 жылға бас бостандығынан шектелген.

"Полицейлер азаматты қарақшылық жасады деген күдікпен ұстаған. Одан кейін ол кінәні мойындату үшін қызметкерлер "азаптады" деп прокурорға жүгінеді. Қызметкерлердің кінәсі анықталмай, Раймжановқа қатысты көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық іс қозғалған. Тергеу кезінде және сотта Раймжанов азаптаудың болғанын дәлелдей алмады. Кейін Раймжанов сот үкіміне шағымдабаған. Көмекке жүгінушінің сотталуы Қазақстан қатысушы болып табылатын БҰҰ Тұжырымдамасы мен ұлттық заңнамаға қайшы келеді. Осыған орай, Бас Прокурор наразылық енгізді. 2018 жылғы 22 тамызда Жоғарғы Сотпен наразылық қанағаттандырылып, Раймжанов ақталды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Бас Прокурордың наразылығы сотталғандардың хал-ахуалын жақсартуға қатысты енгізілді.

"Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен Мартынкевич деген азамат ҚК 191-бабының 2-бөлігі бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Оған жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтеу тағайындалды. Алайда, сот қауіпсіздігі барынша жоғары режим рецидивистерге, аса ауыр қылмыс жасағандарға немесе бұған дейін бас бостандығынан айырылғандарға (ҚК-нің 46-бабы 5-бөлігі) тағайындалатынын есепке алмаған. Мартынкевич аталған категорияға жатпайды.

Бұл туралы Мартынкевич білмеген және сот үкіміне шағымданбаған. Аталған факт прокурорлық тексеру кезінде анықталды. Аталған мән-жайларды есепке ала отырып, Бас Прокурор сотталушыны қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінен (қатаң режимдегі колония)  орташа қауіпсіз мекемеге (жалпы режимдегі колония) ауыстыру туралы  наразылық енгізді, - делінген Бас прокуратура хабарламасында. 

2018 жылғы 22 тамызда Жоғарғы Сот наразылықты толықтай қанағаттандырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети