21 сәуір 2014 | 15:16

Көкпекті тұрғындарына көмек ретінде 90 млн теңге жиналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен Көкпекті тұрғындарына 90 млн теңгеден астам көмек қаражатын жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен Көкпекті тұрғындарына 90 млн теңгеден астам көмек қаражатын жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гуманитарлық көмек 330 отбасыға (920 адам) берілген. Киім-кешек, азық-түлік пен басқа да алғашқы керек-жарақ тіркеу карточкасы бойынша атаулы түрде таратылды. Жалғызілікті зейнеткерлерге, жұмыссыздарға, көпбалалы, аз қамтылған және жалғызбасты аналарға ерекше көңіл аударылған. Тұрғындарға арам өлген ұсақ жандықтарының орнына мал берілді. 213 тонна көмір таратылды. Телефон байланысы қалпына келтірілді. Мектеп оқушыларына оқу құралдары мен кеңсе тауарлары сатып алынды.

14 отбасы жатақханаларға орналастырылды, екі отбасыға Қарағандыдан уақытша баспана берілді. Зардап шеккендердің бәріне медициналық жәрдем көрсетілді, төтенше жағдай кезінде дәрігерлерге барлығы 427 адам қаралған.

271 нысан тексерілді, олар - тұрғын үйлер мен дүкендер. 51 үйдің құлағалы тұрғаны анықталды, 167 баспана мен бес дүкен жөндеуді қажет етіп тұр.

Елді мекендегі "Сұрыптау" станциясы маңында 370 үй су ортасында қалған болатын. Бұл жерге 500 тонна ұсақ қиыршық тас төселді. Құбыр өткізіліп, аймақ судан тазартылды.

Еске салайық, 31 наурызға қараған түні Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылында бөгетті су шайып кеткен болатын. Алапат тасқыннан бес адам қайтыс болып, алты адам ауруханаға түсті. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети