Көкшетау әкімі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетау әкімі тағайындалды Фото:gov.kz

Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 9 қарашадағы өкімімен Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Марат Ахметжанов жаңа әкімді облыс орталығының активіне таныстыра отырып, Әнуар Күмпекеевтің кәсіби қасиеттері мен ұйымдастырушылық қабілеттері бар тәжірибелі басшы екенін айтты.

Биыл Көкшетау қаласы облыс орталығы ретінде ерекше назарға алынатыны айтылды.

"Алда проблемалық мәселелерді шешу және жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Сондықтан сізден тек жедел шешім қабылдау ғана емес, ең бастысы олардың барлығының тиімді болуы талап етіледі", – деді облыс әкімі.

Кездесу соңында Марат Ахметжанов Әнуар Күмпекеевке қала тұрғындарының игілігі үшін барлық тапсырманы табысты жүзеге асыруды жүктеді.

Айта кетейік, 2024 жылғы тамыздан бастап Әнуар Күмпекеев Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 486.99   558.26   6.59 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +31
Ақтау +24
Ақтөбе +19
Атырау +24
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +29
П
Павлодар +28
Петропавл +28
С
Семей +30
Т
Талдықорған +33
Тараз +33
Түркістан +21
О
Орал +26
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер