Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Көкшетау қаласының әкімі қайтыс болды

31 Қазан 2014, 10:44
0
Жомарт Нұрғалиев. ©Kostanay.gov.kz
Жомарт Нұрғалиев. ©Kostanay.gov.kz

Көкшетау әкімі Жомарт Нұрғалиев дүниеден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қала әкімінің қабылдау бөлімінің қызметкерінің айтуынша, Нұрғалиев 30 қазан күні кешке ауруханада қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жүрек талмасы ұстап көз жұмған. Айта кетейік, Көкшетау әкімі қызметінде Жомарт Нұрғалиев небары бірнеше ай болған. Бұл қызметке ол осы жылдың маусым айында тағайындалған еді. Ол өз еркімен жұмыстан босаған Жарқын Жұмағұловтың орнына келген болатын. 

Көкшетау әкімі Жомарт Нұрғалиев 1958 жылы 16 наурызда Қостанай облысы Қарабалық ауданы Ново-Троицк ауылында дүниеге келген. Қостанай педагогикалық институтының тарих және педагогика факультетін бітірген. Қызмет жолын 1975 жылы Қостанай облысы Қамысты ауданының "Ұрқаш" кеңшарында құрылыс учаскесінің жұмысшысы ретінде бастаған. 2006 жылдан - Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі. 2009 жылдан - Қостанай қаласының әкімі. 2012 жылдан бастап Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімінің қызметінде болады. 

"Құрмет" орденімен марапатталған (2007). "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы" құрметіне арналған мерекелік медаль алған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай