04 мамыр 2020 17:37

Көкшетауда жантүршігерлік қылмыстың беті ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетау қаласында зейнеткерлерді жауыздықпен өлтірген күдікті ұсталды, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көкшетау қаласында зейнеткерлерді жауыздықпен өлтірген күдікті ұсталды, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицияның мәліметіне сәйкес, күдікті 3 мамырда Көкшетау қаласында ұсталған.

"Тергеу барысында 24 жастағы Щучинск қаласының тумасы 29 сәуір күні түнде Есенберлин көшесіндегі үйдің бірінші қабатындағы пәтерге ұрлыққа түскен. Алайда үй иелері қылмыстың үстінен түсіпті. Қылмыстың ізін жасыру мақсатында күдікті ерлі-зайыптыны өлтіріп, жеке мүлкін ұрлап кеткен", - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстау барысында одан заттай дәлелдер табылғанын атап өтті. Қазіргі таңда ол уақытша тергеу изоляторына қамалды.

"ҚР қылмыстық кодексінің  99 бабы 2 тармағы ("Екі және одан көп адамды өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Көкшетаудағы пәтерден 78 және 84 жастағы ерлі-зайыптының өлі денесі табылған. Олар жауыздықпен өлтірілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети