13 ақпан 2014 11:39

Көкшетауда өртенген пәтерден үш мәйіт табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейтарап сурет ©tengrinews.kz Бейтарап сурет ©tengrinews.kz

Көкшетауда көпқабатты үй пәтерлерінің бірінде өрт болып, үш адам қаза тапты деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. "13 ақпан күні сағат 00.02-де бесқабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт болды. Өрт сағат 00.20-да ауыздықталып, 00.37-де залалсыздандырылды. Оқиға орнынан үш адамның мәйіті табылды", - делінген хабарламада. Өртті сөндіруге Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 11 адам мен 2 техника тартылған. Төтенше оқиға кезінде үйдегі 30 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. Үш мәйіттің екеуі 1964 және 1977 жылы туған азаматтар болып шықты, ал біреуінің кім екені анықталып жатыр. Мұның алдында Щучинск қаласында да тұрғын үй өртеніп, адам өліміне себеп болды. Екіпәтерлі үйде болған тілсіз жау 1987 жылы туған қыздың өмірін қиды. Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі кеше еліміздің басқа да аймақтарында өрт оқиғалары көп тіркелгенін хабарлады. Алматы облысындағы Есік қаласында жеке тұрғын үйде өрт шығып, отқа күйіп қалған екі адам ауруханаға жеткізілді. Солтүстік Қазақстан облысының Шалақын ауданында өз үйінде болған өрт кезінде бір ер адам түтінге тұншығып қалған, қазір ол ауруханада жатыр. Петропавл қаласында бір көпқабатты үйдің подъезінде электр желілері өртеніп, бұл подъезден 24 адам құтқарылды, оның ішінде, иіс тиген бір адам ауруханаға жатқызылды. Семейде қорғаныс істері басқармасы отырған ғимарат өртенді, зардап шеккендер жоқ. Кеше Атырау облысындағы Құлсары қаласында және Шымкентте екі адам ыстан уланып қайтыс болды. Астана қаласында екі адам ауруханаға түсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети