18 желтоқсан 2019 | 16:57

Қол-аяғы байланғаны жалған - СІМ Мысырда өлі табылған дипломат туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еламан Жолдасов Еламан Жолдасов

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Мысырда өлі табылған елшілік қызметкерінің аяқ-қолы байланған күйі табылғаны жайлы мәліметті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Мысырда өлі табылған елшілік қызметкерінің аяқ-қолы байланған күйі табылғаны жайлы мәліметті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2019 жылдың 19 желтоқсанында сағат 11.15-те Мысырдағы елшілік қызметкері Еламан Жолдасовтың әйелі күйеуін пәтер есігінің алдында өлі күйде тапты. Бұл туралы ол бірінші кезекте елшіліктегілерге айтты. Дипломаттар пәтерге 5-7 минут ішінде келіп, қажетті шаралардың барлығын қолданды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі, полиция жасағы, прокуратура мен криминалдық полициядан құралған тергеу тобы келді", - деді Смадияров.

Ол қайтыс болған дипломаттың әпкесі Гүлнар Пернебекованың бауырының арқасы түгелдей қан болғаны және аяқ-қолы байланған күйде табылғаны жайлы айтқанын жоққа шығарды.

"Бұл шындыққа жанаспайды. Дипломаттың мойнында жіп болды. Денесінде жарақаттар болған жоқ, аяқ-қолы байланбаған болды. Бұған оқиға орнынан түсірілген фото мен видеоматериалдар дәлел", - деді Смадияров.

СІМ ресми өкілі Қазақстанның СІМ қызметкерлерінің 15 желтоқсанда Каирге қызметтік тергеу жүргізуге кеткенін хабарлады. Қазіргі уақытта Мысыр прокуратурасы осы істің мән-жайын анықтап жатыр.

"Тергеу аясында сот-медициналық сараптама жүргізілді, нәтижелері таяуда жолданады. ҚР СІМ өкілдері Қазақстанда тағы да сот-медициналық сараптама жүргізетін болды. СІМ ұжымы әріптесінің өліміне көңіл айтады. Бұл біз үшін үлкен соққы болды. Еламан Жолдасов жақсы адам болатын, өз ісінің маманы. Мысыр БАҚ-тарында ол туралы көп айтатын. Сұхбаттар беретін", - добавил Смадияров.

Еске салайық, кеше, 17 желтоқсанда Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкерінің өлі табылғаны хабарланған болатын. 

Оның туысы Гүлнара Пернебекованың айтуынша, оқиға 13 желтоқсанда болған. Еламан Жолдасов өз үйінің кіреберісінде өлі табылған. "Ол кіреберісте жатты. Біз оның қолдарының артына байланғанын естідік. Арқасы түгелдей кір, қан болды. Демек, оны жер бетінде сүйреген. Мойында жіп болды", - деген еді Пернебекова.

Кейінірек СІМ өкілдері Мысырдағы елшілік қызметкерінің өліміне қатысты пікір білдірді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети