1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

СІМ өкілдері Мысырдағы елшілік қызметкерінің өліміне қатысты пікір білдірді 17 желтоқсан 2019, 16:42

ҚР Cыртқы істер министрлігінің өкілдері Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың өліміне қатысты пікір білдірді , -
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

ҚР Cыртқы істер министрлігінің өкілдері Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың өліміне қатысты пікір білдірді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР СІМ Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың қайтыс болғанын растайды. Қазіргі уақытта Мысырдың прокуратурасы қажетті тергеу шараларын жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты тергеу қорытындысы бойынша ресми мәлімет шықпайынша осы жағдайға қатысты негізсіз мәліметтер таратпауларыңызды сұраймыз. СІМ өкілдері Мысырға тергеу шараларына қатысуға жіберілді. Толық мәлімет 18 желтоқсанда ҚР СІМ ресми өкілі өткізетін брифинг барысында айтылады", - делінген СІМ хабарламасында.

Министрлік өкілдері Еламан Жолдасовтың туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, дипломаттың отбасына қажетті көмек көрсететінін атап өтті.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері өлі табылғаны жайлы хабарланған болатын. 

Оның туысы Гүлнара Пернебекованың айтуынша, оқиға 13 желтоқсанда болған. Еламан Жолдасов өз үйінің кіреберісінде өлі табылған. "Ол кіреберісте жатты. Біз оның қолдарының артына байланғанын естідік. Арқасы түгелдей кір, қан болды. Демек, оны жер бетінде сүйреген. Мойында жіп болды", - деген едіПернебекова.