Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қол ұстасып, баланы іздеуге кірісті: Қапшағайдағы видео қазақстандықтарды елжіретті 27 маусым 2022, 18:34

Қапшағай су қоймасында түсірілген видео қазақстандықтарды тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Видеодан алынған кадр

Қапшағай су қоймасында түсірілген видео қазақстандықтарды тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 маусымда су қоймасының жағалауында 8 жастағы бала жоғалып кеткен. Жағалауда демалып жатқан адамдар бір-бірінің қолынан ұстап, тізбек жасап, судан баланы іздеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRISP ALMATY | КРИСП АЛМАТЫ (@krisp_almaty)

Алматы облысы ТЖД өкілі бала кейінірек Қапшағай су қоймасының жағалауынан аман-есен табылғанын айтты.

"Мұндай тәсілді қоғамдық құтқарушыларға Қапшағай өңірінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары үйретті. Оларды әкімдік Қонаевтың қалалық жағажайында жұмыс істеу үшін жалдайды. Қоғамдық құтқарушылар баланы табу үшін бұл іздеу әдісін демалушылармен бірге құтқарушылар келгенше қолданды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне хабарлама түскен жоқ. Кейін баланың жағалаудан аман-есен табылғаны анықталды", - деді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

"Осындай әрекеттерден кейін қуаныштан жылағым келеді, Құдайға шүкір, бәрі жақсы, біздің халқымыз қандай ұйымшыл, мейірімді еді", "Құдайға шүкір, көмек қажет болмапты, бала жағада екен", "Адамдар бір біріне көмектескенін көргенде жаның жай табады", - дейді Желі қолданушылары. 

Еске салайық, 26 маусымда Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында төрт адам суға батып кетті. Қайғылы оқиға  "Голубой залив" аумағында болған. Бұл адамдардың бәрі туысқан екені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram