07 тамыз 2020 15:34

Көлгінов дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған тұрғын үй құрылысының барысымен танысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Александр Куприенко Сурет: Александр Куприенко

Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған тұрғын үй құрылысы қалай жүріп жатқанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған тұрғын үй құрылысы қалай жүріп жатқанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда әкімі бірқатар әлеуметтік тұрғын үй құрылысы "Қазақстандық ипотекалық компаниямен" бірлесе жүзеге асырылып жатқанын айтты.

"Бұл үйлер сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй қатарына жатады. Қолжетімді баспана мұғалімдер мен дәрігерлер арасында бөлінеді. Биыл берілетін пәтер саны - 1 мыңға жуық", - деді ол.

Көлгінов Абайдың 150 жылдығы, Шұғыла, Қосшығұлұлы, Торайғыров көшелерінде, Төлебаев және Шарбақты көшелерінің қиылысында және Тілендиев даңғылында орналасқан үйдің құрылысы барысымен танысқанын жазды.

"Бұдан басқа, кезекте тұрған (халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына), тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін тұрғын үй салу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Келесі жылдарға бағытталған дайындық жұмыстары да басталды", - деді әкім.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети