22 маусым 2021 12:35

Көлік қоюға болмайды: Алматыда жылу желілері қайда және қашан сынақтан өтеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Алматылықтарға жылу желілері сыналатын орындарға көлігін қоймауға кеңес берілді. "Алматы жылу желілері" ЖШС өкілдері бұл жұмыстар қайда және қашан жүргізілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылықтарға жылу желілері сыналатын орындарға көлігін қоймауға кеңес берілді. "Алматы жылу желілері" ЖШС өкілдері бұл жұмыстар қайда және қашан жүргізілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат бойынша, жылу желілерін сынау 23 маусым мен 9 шілде аралығында Алматының сегіз ауданының аумағында таңғы сағат төрттен сегізге дейін жүргізіледі.

"Қала тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын ұстануға және автокөліктерді жұмыстар жасалатын орындарға қоюдан уақытша бас тартуға кеңес береміз. Қауіпсіздік шараларына қарамастан, штаттан тыс жағдайлар да болуы мүмкін: судың сыртқа шығуы, жол жабынының ішінара бұзылуы.

Мұндай жағдайларда өз бетіңізше ештеңе істемеңіз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы 378-06-48 (қосымша 1014), 378-06-62 (қосымша 1013) немесе 109 телефондар арқылы "АлЖЖ" ЖШС-не хабарлаңыз", - деді компаниядағылар.

Жылу желілеріне сынақ жүргізу кестесі (көшелер бойынша):

23 маусым

  • Әуезов ауданы: Төле би-Райымбек-Яссауи-Емцов;

23 және 24 маусым

  • Алмалы, Әуезов және Наурызбай аудандары: Абай - Рысқұлов - Яссауи-Гайдар;

25 маусым

  • Алатау ауданы: Аққайнар кенті - Мәмбетов кенті-БАҚ-тың оңтүстік жағы;

28 маусым

  • Алатау ауданы: Мөңке би - Б. Момышұлы - Ф. Оңғасырова-Зерделі шағын ауданы;

28 және 29 маусым

  • Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би-Панфилов-Шевченко-Байсейітова-Сәтпаев-Есентай өзені-Шевченко-Досмұхамедов;

29 маусым

  • Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр-Қожамқұлов-Ғабдуллин-Розыбакиева;
  • Әуезов және Наурызбай аудандары: Төле би-Абай-Әшімов-Гайдар;
  • Жетісу ауданы: Айнабұлақ - 1, 2, 3, 4, Көкмайса шағын аудандары;
  • Наурызбай ауданы: Жуалы-Сәбденова-Жақыбаева-Тармап;

29 және 30 маусым

  • Алмалы, Әуезов және Наурызбай аудандары: Төле би-Сәтпаев-Әшімова-Гайдар;
  • Бостандық ауданы: Қазақфильм - Лисянский - Розыбакиев шағынауданы - Алмагүл - Жароков-Ходжанов шағынауданы;
  • Медеу ауданы: Тайманова-Чайкина-Достық-Меңдіқұлова-Әл-Фараби;
    Алмалы және Медеу аудандары: Қазыбек би-Шәріпов-Бөгенбай батыр-Мұратбаев-Мақатаев-Сейфуллин - Тобаяқов-Назарбаева - Мәметова-Уәлиханов;

30 маусым

  • Алатау ауданы: Мөңке би - Б. Момышұлы - Райымбек - Ф. Оңғасырова;
  • Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр-Айманов-Жандосов-Тілендиев;
  • Жетісу және Түрксіб аудандары: Құлагер, Серіков, Ратушный, Рысқұлов - Жангельдин - Тынық - Глазунов шағын аудандары;

30 маусым және 1 шілде

  • Бостандық ауданы: Мирас - Торайғыров - Рысқұлбеков - Розыбакиев - Ходжанов шағынауданы;
  • Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин-Рысқұлов-Жангелдин-Райымбек-Куратов-Гоголь;

1 шілде

  • Әуезов ауданы: Ұлықбек-Жандосов-сайын-Сәдуақасова;
  • Бостандық ауданы: Мирас - Асқаров - Садықов шағынауданы;

1 және 2 шілде

  • Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов - Абай-Желтоқсан-Тимирязев - Есентай-Гоголь өзені;

2 шілде

  • Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр-Байзақов-Өтепов-Катаева;
  • Әуезов ауданы: Қуанышбаева-Рысқұлбекова-Үлкен Алматы өзені-Саина;

2 және 5 шілде

  • Алмалы және Бостандық, Медеу аудандары: Гоголь-Қорған-Сәтпаев-Чайковский;

7 шілде

  • Алмалы және Жетісу аудандары: Рысқұлов-Сейфуллин - Гайдар-Қарасай батыр;

8 шілде

  • Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек-Тілендиев-Розыбакиев-Құлымбетов;

9 шілде

  • Алмалы ауданы: Қарасай батыр-Төле би-Кәрімов-Масанчи.

"Аталған аумақтарда тұратын барлық тұтынушыға ыстық су толығымен беріледі.

Гидравликалық сынақтар жылу желілері жабдықтарының жай-күйін тексеру және қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында құбырлардың проблемалы учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі", - деді "Алматы жылу желілері" ЖШС өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети