06 тамыз 2018 09:19

"Көліктерді тоқтатуға тыйым салынды". ІІМ өкілдері WhatsApp-та таралған хабарламаларға пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Қазақстанның ІІМ өкілдері "жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің әкімшілік хаттама толтыратын өкілеттігі жоқ" жайлы хабарламаларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Қазақстандықтар WhatsАpp мессенджерінде жол-полиция қызметкерлеріне ереже бұзушыларды енді тоқтатуға тыйым салынғаны жайлы хабарламалар таратып жатыр.

"Жол-патрульдік полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтыра алмайтын болды. (...) Бүгіннен бастап олар тек өрескел ережебұзушылық болған жағдайда немесе қарсы жолаққа шығып кеткен кезде ғана жүргізушіні тоқтата алады. Басқа жағдайларда тоқтатуға олардың құқығы жоқ", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мессенджерде аудиожазбалар таралып жатыр. ҚР ІІМ өкілдері бұл хабарламаларды жоққа шығарады. 

"Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Алмас Сәдубаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети