17 қыркүйек 2021 09:44

"Көлсай көлдері" паркі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік желісіне енгізілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Көлсай көлдері" ұлттық мемлекеттік табиғи паркі ЮНЕСКО-ың бүкіләлемдік биосфералық резерваттар желісіне қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйым сайтына сілтеме жасап.


"Көлсай көлдері" ұлттық мемлекеттік табиғи паркі ЮНЕСКО-ың бүкіләлемдік биосфералық резерваттар желісіне қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйым сайтына сілтеме жасап.

Мұндай шешім ЮНЕСКО бағдарламасының "Адам және биосфера" халықаралық үйлестіру кеңесінің 33-сессиясында қабылданды.

ЮНЕСКО сайтындағы жазбада, Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік бөлігінде орналасқан "Көлсай көлдері" биосфералық қорығы, Альпі белдеуінің мұзды шыңдарына дейін көтерілетін бірегей дала ландшафттарымен, сондай-ақ қылқан жапырақты және жапырақты ормандармен көмкерілген каньондармен, өзендермен және көркем көлдермен ерекшеленеді деп жазылған.

 "Мұнда сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген көптеген жануарлар мекендейді, атап айтқанда Тянь-Шань қоңыр аюы, ақ барыс және Түркістан сілеусін. Биосфералық қорық 242 085 га аумақты алып жатыр және оңтүстікте Қырғызстанның Ыстықкөл биосфералық қорығымен шектеседі", - дейді ЮНЕСКО.

Осылайша, бүгінгі таңда ЮНЕСКО ұлттық желісінің Қазақстандағы биосфералық резерват саны – 13. Бұл сан Орталық Азияның басқа елдеріндегі биосфералық резерваттар санынан едәуір асып түседі. Биосфералық резерваттар көлемінің осылай танылуы Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аударғанын және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға ұмтылатынын айғақтайды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети