16 мамыр 2020 12:17

Комиссия Нұр-Сұлтанда қайтыс болған әйелді коронавирус салдарына жатқызбады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Комиссия Нұр-Сұлтанда қайтыс болған әйелді коронавирус салдарына жатқызбады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 


Комиссия Нұр-Сұлтанда қайтыс болған әйелді коронавирус салдарына жатқызбады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

"Бұған дейін хабарлағандай, өлімнің басты себебі прогрессивті жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен туындаған қайтымсыз органикалық әсерден болған. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясымен бірге басқа да аурулармен ауырған. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында КВИ тесті оң нәтижелі болған науқастардың өлім-жітімін зерттеу комиссиясы бұл жағдайды КВИ салдарынан қайтыс болған жоқ деген шешім шығарды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, COVID-19-дан көз жұмған астаналық әйел дәрігер болған

"1958 жылы туған дәрігер әйел коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Ол жеке медициналық ұйымда жұмыс істеген. Зейнетке шыққан, алайда жұмысын жалғастыра берген", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Сонымен қатар, кеше 1977 жылы туған ер адамның өлімі туралы белгілі болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети