"Қонақ қойдан жуас": аудармашы Тоқаев пен Ердоғанның әңгімесі туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қонақ қойдан жуас": аудармашы Тоқаев пен Ердоғанның әңгімесі туралы айтты

Қазақстанның Ыстамбұлдағы бас консулы Әлім Байел журналист Әділ Балтабаевқа берген сұхбатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанның бейресми диалогы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің президенттеріміздің кездесуі әрқашан өте жайлы атмосферада өтеді. Соған сәйкес диалогтарда әзіл-қалжың, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер өте жиі болады... Кездесу барысында ол (Тоқаев. – авт.еск.) мысалы, қазақша енді: "Қонақ қойдан жуас", деп айтты. "Сіз не айтсаңыз, соны ішем", деді. Мысалы, ондай жағдайлар болып тұрады", - деді ресми кездесуде аудармашы қызметін атқарған Әлім Байел.

Яғни, Тоқаев Түркия басшысына не ұсынса, соны ішетінін айтып, әңгімеде қазақ мақал-мәтелін пайдаланды, ол мынаны білдіреді: "Қонақ қойдан жуас келеді, май берсе де жейді" (яғни, қонақ қарапайым болуы керек).

Екі ел басшыларының әңгімесі туралы толығырақ "Хабар 24" телеарнасының President жобасының жаңа санынан көре аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети