22 желтоқсан 2020 | 12:46

Қонақүйдегі бала өлімі: сот ұлыбританиялыққа қатысты шығарған үкімді түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Судья Бақытжан Бәкірбаев Алматыдағы InterContinental қонақүйінде өзінің бір жарым жасар қызын өлтірген ер адамға қатысты шыққан үкімін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Судья Бақытжан Бәкірбаев Алматыдағы InterContinental қонақүйінде өзінің бір жарым жасар қызын өлтірген ер адамға қатысты шыққан үкімін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот 42 жастағы ұлыбританиялық Мохамед Баракат қызын өлтіргені үшін кінәлі деп таныды.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Мохамед Баракатқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Дәрменсіз күйдегі адамды өлтіру" бабы 3-бөлігінің 1-тармақшасы бойынша қылмыстық істі қараған болатын.

"Сот өткен жылдың қазанында Алматыдағы қонақүйде Ұлыбритания азаматы әйелімен болған жанжалдан кейін бір жасар қызын ұрып-соғып, оның өліміне себепші болғанын анықтады. Ер адам жанжал кезінде мас болған және есірткі тұтынған. Баракаттың кінәсі куәгерлер арқылы дәлелденді. Қонақүйдегі қызметші әйел қабырғаға бірдеңенің соғылып жатқанын естігенін, кейін баланың жылағаны басылғанын айтқан. Осыдан соң ол жәбірленушінің бөлмеге кіріп, ес-түссіз жатқаны баланы көтеріп, алып кеткенін көрген. 10 куәгер қолында баласы бар әйелдің ресепшенға жүгіріп келіп, күйеуі баласын өлтіргенін айтқан, - дейді судья.

Сонымен қатар, Бақытжан Бәкірбаев абайсызда адам өлім туралы деректі сараптама қорытындысы теріске шығарған. Сараптама қорытындысы баланың құламағанын, оны біреу қатты затпен ұрғаннан кейін денесіне зақым келгенін көрсеткен.

"Баракаттың эпилепсиямен (қояншық) ауыратыны сотта дәлелденген жоқ. Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот Баракаттың кінәсін дәлелдеді және оны кісі өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Сот күдікті қылмыс жасаған кезде мас болғанын, есірткі тұтынғанын ескерді, бұл айыпты ауырлататын жағдай болып есептелді", - дейді Бәкірбаев.

Айта кетейік, осыған дейін 42 жастағы ұлыбританиялық Мохамед Баракаттың Алматыдағы қонақүйде туған қызын өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған еді.

Қонақүйдегі бала өлімі: ұлыбританиялыққа қатысты сот үкімі шықты

2019 жылдың қазанында Алматыдағы InterContinental қонақүйінде бала өлімі туралы хабарланған еді. Баланы өлтірді деген күдікпен ұлыбританиялық Мохамед Баракат ұсталған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети