20 желтоқсан 2020 16:37

Конституциялық кеңес өлім жазасын алып тастауға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет: seyminfo.ru Иллюстрациялық сурет: seyminfo.ru

Конституциялық кеңес Мемлекет басшысының үндеуі бойынша өлім жазасын қолдану ережесіне қатысты ресми түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Конституциялық кеңес Мемлекет басшысының үндеуі бойынша өлім жазасын қолдану ережесіне қатысты ресми түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі алдағы уақытта Қазақстанда өлім жазасын алып тастауға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативтік хаттаманы ратификациялауымен байланысты болды.

Үндеуде республика Конституциясы ережелерінің және ерекше жазалау шарасын қолдану мәселесін реттейтін факультативтік хаттама нормаларының арақатынасы туралы сөз болып отыр.

"Конституциялық кеңес факультативтік хаттаманы ратификациялау үшін негізгі заңға түзетулер енгізудің керегі жоқ деп шешті", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кеңес Конституция мен жалпыға бірдей халықаралық актілер бойынша демократиялық қоғамның негізгі құндылығы өмір сүру құқығы екенін, әрі мемлекет барлық адам үшін осы құқықты жүзеге асыруға кепілдік беруге міндетті екенін атап өтті.

"Қазақстан Конституциясы террористік қылмыстар жасағаны үшін, соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін өлім жазасын белгілеуге болатынын назарға ала отырып, кеңес өлім жазасын жою туралы халықаралық шартты ратификациялау республика Парламентінің құзыретіне кіретінін атап өтті. Бұл ретте негізгі заң осы қылмыстар үшін өлім жазасын белгілеу немесе қылмыстық заңда одан бас тарту, олардың шеңберін тарылту туралы мәселені Парламенттің қарауына қалдырады.

Заң шығарушы өлім жазасын ұлттық заңнамаға тиісті түзетулер енгізу арқылы ғана емес, сонымен қатар, жазаның осы түрі белгіленуі мүмкін қылмыстардың санын жоюды немесе шектеуді көздейтін халықаралық шартты ратификациялау арқылы да жоя алады", - делінген хабарламада.

Кеңес өз шешімінде Конституция факультативтік хаттаманы ратификациялауға кедергі келтірмейтінін жеткізді. Ол ратификацияланғаннан кейін елдің қылмыстық кодексі оның талаптарына сәйкес келтірілуі шарт.

Шешімнің толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети