14 қыркүйек 2022 09:35

Конституциялық кеңес Тоқаевтың өтініші бойынша шешім қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото:©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Конституциялық Кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Конституциялық Кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Конституциялық Кеңес Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының Конституцияның 91-бабының 2-тармағына сәйкестігін тексеру туралы өтініші бойынша шешім қабылдады", - делінген хабарламада. 

Конституциялық Кеңес Республика Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының Конституцияның 91-бабының 2-тармағына сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарағаны бұған дейін хабарланған.

Заң жобасы Конституцияда Республика Президентінің бір мәрте жеті жылдық өкілеттік мерзімін белгілеуді, сондай-ақ ел астанасының атауын өзгертуге байланысты Негізгі Заңның 2-бабына түзетулер енгізуді көздейді.

Конституциялық Кеңестің пікірінше, президенттік және парламенттік сайлау институты мемлекеттіліктің конституциялық моделінің барлық компоненттерін қозғайтын ерекше конституциялық құндылық. Сол себепті ол мемлекеттің маңызды органдарын жаңартудың тиімді құралы болып табылады. Осы арқылы Республиканың әлеуметтік негізі, халықтың мемлекеттік билік бастамаларын қолдауы нығайтылады.

Конституциялық Кеңес сайлау науқандары кезеңінде азаматтық қоғамның әртүрлі сегменттері жанданатынына назар аударды. Осы жағдайларда Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген барлық құндылықтар серпінді әрі үйлесімді іс-әрекет етуге тиіс.

Конституциялық Кеңестің пайымдауынша, президенттік мандаттың бір мәрте жеті жылдық мерзімін белгілеу ағымдағы жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда қабылданған мемлекеттік билікті монополизациялауға жол бермеуге бағытталған конституциялық новеллалардың мәніне сай келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети