15 қыркүйек 2024 | 11:32

Контрабандашылар 125 келі алтын ұрлауға тырысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Контрабандашылар Болгариядан Түркияға көліктің бақылау тақтасының астына 125 келі алтын жасырып, ұрлауға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.


Контрабандашылар Болгариядан Түркияға көліктің бақылау тақтасының астына 125 келі алтын жасырып, ұрлауға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Болгария кедені, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік агенттігінің және шекара полициясының бірлескен операциясы кезінде декларацияланбаған алтын құймалар, зергерлік бұйымдар мен жалпы құны 5 миллион еуро болатын монеталар табылды.

Түркия шекарасындағы Капитан Андреево бақылау бекетіне болгариялық нөмірлі көлік келген.

"Жүргізуші Болгария азаматы және оның болгария-түрік азаматтығы бар серігі Түркияға бет алды. Олар декларацияланатын тауарларды тасымалдамайтындықтарын мәлімдеді", - делінген материалда.

Мұқият тексеру кезінде көлік салонының жасырын бөліктерінде, соның ішінде қауіпсіздік жастықтарының орнынан алтын табылды.

Операция 13 сағаттан астам уақытқа созылған.

Бұл соңғы 40 жылдағы ең үлкен тәркілеу көрінеді, оған дейін контрабанданың ең үлкен партиясы 40 келіге жуық болған.

Жүргізуші қамауға алынды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети