29 қазан 2021 | 10:06

"Қор әзірленбеген" - сарапшы Қазақстандағы авиаотын тапшылығы туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Jason Goh. ©Pixabay Фото: Jason Goh. ©Pixabay

Мұнай-газ нарығы сарапшысы авиациялық керосин тапшылығы себептері туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мұнай-газ нарығы сарапшысы авиациялық керосин тапшылығы себептері туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшы Сергей Смирнов ел әуежайларындағы авиациялық жанармайдың күрт тапшылығына Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы керосин өндірісінің қысқаруы себеп болды деп есептейді. Бұған дейін Энергетика министрлігі керосин өндірісін екі есе қысқартуды жоспарлап отырғанын хабарлаған. Бірақ олардың айтуынша, бұл авиация саласына әсер етпеуі керек болған.

"Энергетика министрлігі өндірістің қысқару салдарын толық жоққа шығарды, дегенмен әуекомпаниялар бұл туралы ескерткен. Керосин де дизель сияқты мұнайдан жасалады, қазір бұл өндіріс орындары дизель отыны үшін пайдаланылады. Ал жүргізушілер дизель жоқ деп шағымданады. Бұрын бензинге қатысты мәселе туындаса, енді керосин тапшылғы пайда болды", - деді сарапшы.

Сергей Смирновтың айтуынша, Қазақстанда ең жақсы жылдары да керосин жеткіліксіз болған және оны жиі Ресейден сатып алуға тура келген. Мұнай-газ нарығының сарапшысы жанармай тапшылығының алғы шарттары маусымның ортасында Шымкент мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылған кезде туындағанын айтты. Дизель отынында үзілістер болып, осы себепті Павлодар зауытын жөндеу жұмыстары қазанның басына шегерілді. Бұл ретте жанармай қоры алдын ала дайындалмаған.

"Мұнай өңдеу зауыттары жөндеуге тоқтаған сайын жанар-жағармай тапшы болып, оның бағасы көтеріледі. Билік теориялық тұрғыдан қор дайындауы керек, бірақ ол ешқашан жасалмайды. 100 мың тонна жанармай сатып алу керек сияқты. Енді біз керосиннің қосымша көлемін сатып алуымыз керек", - деп қосты сарапшы.

Сергей Смирнов 2018 жылы қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары жаңартылған кезде елімізде мұнай өңдеу көлемі жылына 19,5 миллион тоннаға дейін артатынын хабарланғанын айтты. Сондай-ақ, олар Павлодар мұнай өңдеу зауыты жергілікті отынмен жұмыс істейтініне уәде берді. Алайда жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін өндіріс көлемі қайтадан жылына 16,5 миллион тоннаға дейін төмендеп, жыл сайын жанармай түрлері тапшы болуда. 

Сарапшы мұнай қоры мен өндіру көлемі көптігін ескеріп, елімізде неге жанармай жетіспейтініне де тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстандағы мұнайдың 60 пайызға дейіні Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ сияқты бірнеше ірі кен орындарында өндіріледі. Олардың бәрі өнімді бөлу туралы келісім бойынша жұмыс істейді және мұнайды толық көлемде шетелге сатумен ішкі нарыққа жеткізуге міндетті емес.

Сарапшы шұғыл туындаған жанармай дағдарысынан шығудың жалғыз жолы оны шетелден сатып алу деп санайды. Болашақта, Сергей Смирновтың болжамы бойынша, Қазақстанда бензин мен дизель отынының қымбаттауы мүмкін, өйткені бұл нарық қазір мемлекет тарапынан бақыланбайды.

Еске салайық, 27 қазанда Нұр-Сұлтан әуежайында жанармай тапшылығына байланысты әуе айлағында әуе қатынасы тоқтау алдында тұрғанын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети