28 қазан 2021 17:23

Жанармай мәселесі шешілді - Нұр-Сұлтан әуежайы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото:elements.envato.com Иллюстрациялық фото:elements.envato.com

Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайы жанармай тапшылығы мәселесі шешілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайы жанармай тапшылығы мәселесі шешілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Авиациялық жанар-жағармай тапшылығына қатысты елорда әуежайы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, авиациялық отынмен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдейміз. Қазіргі уақытта сипатталған сыни жағдайдың алдын алған", - деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.

Оның айтуынша, әуежайда тұрақты жолаушылар және жүк рейстерін үздіксіз жанармаймен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр, Павлодар мұнай-химия зауыты жұмысын қалпына келтіргенге дейін зауыттардан авиациялық отынды жеткізу кестесі әзірленді.

"Қазіргі таңда елорда әуежайында қалған авиациялық керосин нарықтың басқа қатысушылары, Air Astana әуе компаниясының, әскерилердің, мемлекеттік резервтің сақтауын есепке алғанда 3100 тоннаны құрайды. Жақын күндері 3900 тонна жеткізіледі деп күтіліп отыр. Бүгінде 3800 тонна авиакеросин жеткізуге келісімшарт жасалып, төленді", - деп толықтырды баспасөз хатшысы.

Мәскеу уақыты бойынша сағат 16.00-де Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының қойма базасында 921 тонна жанармай болса, бүгінде 200 тоннадан астамы әкелінгені айтылды.

Еске салайық, 27 қазанда Нұр-Сұлтан әуежайында жанармай тапшылығына байланысты әуе қатынасы тоқтау алдында тұрғанын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети