Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылындағы қақтығыстан сегіз адам қаза тауып, 40-тан аса астамы жарақат алды. Полиция 47 адамды ұстаған. Tengrinews.kz түсірілім тобы қазір оқиға орнында.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылындағы қақтығыстан сегіз адам қаза тауып, 40-тан аса астамы жарақат алды. Полиция 47 адамды ұстаған. Tengrinews.kz түсірілім тобы қазір оқиға орнында.
Масанчи ауылының орталық көшесіндегі ғимараттарға қатты зақым келген. 30-ға жуық дүкен мен тұрғын үй қираған және өртенген. Кей ғимараттан әлі түтін шығып жатыр.
"Бұзақылық әрекеттердің, оның ішінде от қоюдың салдарынан алдын ала мәлімет бойынша 30 жекеменшік үй, 15 сауда нысаны және 23 көлік қиратылған. Қазіргі уақытта оқиға орнын қарау шарасы жүріп жатыр, әрі қарай жаңа мәліметтер таратамыз", - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-дағы брифингте.
Ауылға кіреберісте және елді мекеннің өзінде қираған жеңіл және жүк көліктерін көруге болады.
Масанчидегі жаппай төбелеске 300 адам қатысқан. Оқиғаның хронологиясы
Ауыл көшелерінде түрлі күш құрылымдарының өкілдері көптеп жүр.
Патрульдер мен полицейлерді елді мекеннің кез келген көшесінен көруге болады.
Масанчи көшелерінде әйелдер мен балалар көрінбейді. Көбіне ер адамдар жүр.
Еске салайық, бұған дейін 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе және Масанчи ауылдарында полицейлерге шабуыл жасалып, жаппай төбелес шыққаны мәлім болған.
Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол оқиғаны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеген.
Кейін Президент Жамбыл облысындағы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасап, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы мәлімдеме жасаған.