1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қордай ауданындағы ТЖ: екі полицейге оқ тиген

Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылындағы қақтығысты тоқтатуға тырысқан бірнеше полицей зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.

"Жаппай төбелес кезінде 40-тан аса қатысушы жарақат алған, оқ тигені бар, 8 адам, өкінішке қарай, алған жарақатынан қаза тапты. Қоғамдық тәртіпті күзету мен заңсыз әрекеттерді тоқтату бойынша қызметін орындау кезінде полиция қызметкерлері түрлі жарақат алды, оның ішінде екеуіне оқ тиген", - деді Тұрғыбаев.

Оның айтуынша, төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. 

Еске салайық, бұған дейін 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе және Масанчи ауылдарында полицейлерге шабуыл жасалып, жаппай төбелес шыққаны мәлім болған. 

Бұған дейін министр 8 адамның қаза тапқанын мәлімдеген.

Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол оқиғаны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеген. Кейін Президент Жамбыл облысындағы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасап, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы мәлімдеме жасаған.

Қазақстанда күн суытады