Қордайда қаза тапқандардың арасында қазақ тілі және информатика пәнінің мұғалімі бар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылындағы қақтығыстан қаза тапқандардың есімі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан қоғамындағы дүнген" қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылындағы қақтығыстан қаза тапқандардың есімі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан қоғамындағы дүнген" қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалына сілтеме жасап.

Бұған дейін сегіз адам қаза тапқаны мәлім болған. Олардың аты-жөні әзірге нақтыланып жатыр, бірақ алдын ала деректер бар

1. Исыров Баху - 88 жылы туған;
2. Чонтей Абдула - 86 жылы туған; 
3. Харсанов Рам;
4. Ясыров Мәлік, Сортөбе ауылының № 17 орта мектебінің қазақ тілі және информатика пәнінің мұғалімі;
5. Шисыр Рахим;
6. Хишанло Сулейман;
7. Лохаш Лугмар, Бұлар Батыр ауылы;
8. Киров Исхар, Бұлар Батыр ауылы;

"Зираттарды дайындауға көмек көрсету туралы өтініштер келіп жатыр", - деп хабарлады қоғамдық бірлестік өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе және Масанчи ауылдарында полицейлерге шабуыл жасалып, жаппай төбелес шыққаны мәлім болған. 

Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол оқиғаны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеген

Кейін Президент Жамбыл облысындағы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасап, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы айтты

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жамбыл облысында болған полицейлермен қақтығыста 8 адам қайтыс болғанын айтты.

Қордай ауданындағы ТЖ: 30 үй мен 23 көлік қираған

Қазіргі уақытта 47 адам ұсталды, олар полиция бөліміне жеткізілді. Екі аңшы қаруы тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртiпсiздiкке қатысу және оны ұйымдастыру", сондай-ақ ҚР ҚК-нің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жүріп жатыр.

Қордай ауданындағы қақтығыс: оқиға орнынан фоторепортаж

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro