09 ақпан 2020 20:47

ІІМ Масанчиде қаза тапқан Дархан Әбдірахым туралы ақпаратты растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дархан Әбдірахым.  © Азамат Ерғали Дархан Әбдірахым. © Азамат Ерғали

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер салдарынан қаза болғандардың арасында Масанчиге басқа ауылдан келген бір адам болғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер салдарынан қаза болғандардың арасында Масанчиге басқа ауылдан келген бір адам болғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дархан Әбдірахым туралы не білеміз? Ол - қазақ. Осы күнге дейін туған-туыстары оның қайтыс болғаны туралы хабар алған жоқ. Дархан жеке тасымалдаумен айналысқан. Оның құжаттары машинада болған. Қақтығыс болған түнде ол Масанчиге ауданның басқа тұрғындары сияқты көмекке барған. Жігіт 25 жаста еді. Ол қан-жоса болып жатқан жерінен табылған. (...) Машина бүлінген, құжаттар жоғалған. Ол отбасында жалғыз бала еді. Оның артында үш баласы қалды. Көлігін кредитке алған. Жергілікті атқарушы органдардан қайтыс болған адамның ата-анасына әлі ешкім барған жоқ. Журналистер де болған жоқ. Өткен күннен бері қаза тапқан жас жігіттердің есімі таралды. Неге Дархан туралы мәлімет белгісіз?", - деп жазды Азамат Ерғали Facebook-те.

ІІМ баспасөз қызметіндегілер Дархан Әбдірахымның қаза тапқан 10 адамның ішінде барын растады.

"Иә, ол (Дархан Әбдірахым) қаза тапқан 10 адамның ішінде бар", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін Масанчи ауылындағы тәртіпсіздікте қаза тапқан 8 адамның тізімі жарияланған еді.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети