03 желтоқсан 2020 13:06

Қордайдағы қақтығыс. Таразда сот отырысы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Бүгін Тараздағы тергеу изоляторында Жамбыл облысында болған қақтығысқа қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Тараздағы тергеу изоляторында Жамбыл облысында болған қақтығысқа қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот Тараз изоляторында Айдарбек Замбаевтың төрағалымен өтіп жатыр. Ол үшін арнайы бөлме дайындалған. Сондай-ақ, залда 60-қа жуық адвокат бар. Процестің барлық қатысушысы коронавирусты анықтайтын тест тапсырды.

Сот алдында 51 адам жауап береді. Олардың 33-і қамауда, 16-сына кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған, ал екеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатта. 366 адам осы іс бойынша жәбірленуші болып танылды.

Қордайдағы қақтығыс кезінде меморгандар қалай әрекет етті? Хронология

Еске салайық, биыл 8 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Екі мыңнан аса адам қатысқан жаппай тәртіпсіздік барысында 11 адам қаза тапқан болатын. 168 тұрғын үй мен сауда нысандары, сондай-ақ 100-ден аса көлік қиратылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети