10 ақпан 2020 | 09:29

Қордайдағы қақтығыста зардап шеккен ақсақал жағдайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Видео кадры © Видео кадры

Қордай ауданында болған оқиға салдарынан зардап шеккен қарт қазақстандықтардан "өш қаруын асынбауды" өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қордай ауданында болған оқиға салдарынан зардап шеккен қарт қазақстандықтардан "өш қаруын асынбауды" өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Азамат Ерғали есімді Facebook қолданушысы Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада жатқан зейнеткердің жағдайын сұраған. 

"Атамыз сау, жағдайы мәз емес. Біраз соққы жеген. Операцияға дайындалып жатқан атаның жағдайы қиын болғанымен, біздің Төлеген ата халықтан өшікпеуді сұрады. Бейбітшілік болса дейді. Ешқандай өш алудың керегі жоғын, халық зардап шегетін салдардың қажеті жоқ екенін айтты. Біздің аталарымыздың жомарттығы бұл. Соларға құлақ асайық", - дейді Азамат Ерғали. 

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды.

Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған. 

Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді. Екі полицей зардап шеккен. 30-ға жуық үй, 15 сауда орталығы қираған, 23 көлік өртенген. 

Түнде Қырғызстан шекарашылары қазақ-қырғыз шекарасында күшейтілген қызмет тәртібіне ауыстырылған. ҰҚК шекара жабылды деген ақпаратты жоққа шығарып, екі ел арасындағы кеден штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.

Масанчидегі қақтығыс. Қырғыз-қазақ шекарасынан 4 мың адам өткен

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети