06 желтоқсан 2018 09:00

Қордың көмегімен ауылда спорт кешені ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Сүттіқұдық ауылында спорт кешені өз жұмысын бастады. Жаңадан іске қосылған әлеуметтік нысанның арқасында ауыл балалары спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік алды. Жеке кәсіпкер Әсемгүл Ермаханова "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы несие алып, өз кәсібін ашты. Нәтижесінде 13 адамды тұрақты табыспен қамтамасыз етті.


Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Сүттіқұдық ауылында спорт кешені өз жұмысын бастады. Жаңадан іске қосылған әлеуметтік нысанның арқасында ауыл балалары спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік алды. Жеке кәсіпкер Әсемгүл Ермаханова "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы несие алып, өз кәсібін ашты. Нәтижесінде 13 адамды тұрақты табыспен қамтамасыз етті.

Спорт кешенінің құрылысы үстіміздегі жылдың сәуір айында басталған. Ауқымды жобаны қолға алған Әсемгүл Владимирқызы "Кәсіпкер" бағдарламасы аясында 10 миллион теңге көлемінде несие алды.

"Біздің ауылымызда бұрын спорт кешені болмаған. Ауыл балаларының бос уақытын тиімді пайдаланғандарын қаладым. Оның үстіне бұқаралық спортты дамытуға өз үлесімді қосқым келді. Қор маған оңтайлы шарттармен несиені тез арада рәсімдеп берді. Алдағы уақытта спорт кешеніміз мәдени-сауықтыру орталығына айналатынына сенімдімін. Қор мамандарына үлкен алғысымды білдіремін", - деді Әсемгүл Ермаханова.

Қазіргі күні кешенде бірнеше спорт секциялары жұмыс жасап жатыр. Мұнда келген жеткіншектер еркін күрес және бокспен тегін шұғылдана алады. Сондай-ақ шахмат және дойбы үйірмелеріне қатысатындар көп. Білікті жаттықтырушылар балалардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыруды мақсат етеді. Әлеуметтік нысанның материалдық-техникалық базасы да заман талабына сай. Алдағы уақытта баскетбол, футбол мен гандбол залдары іске қосылмақ. Сонымен қатар, ауыл балаларына арналған, жан-жағы қоршалған бассейн ашу көзделіп отыр.

"Бұрын спортпен тек мектепте ғана шұғылданатынбыз. Қазір сабақтан тыс уақытта осында келеміз. Келешекте үлкен ареналарда еліміздің абыройын асқақтататын спортшы болғымыз келеді. Мен өзім еркін күреске қатысамын", - дейді ауыл тұрғыны Мейіржан Орынбасар.

"Ауыл шаруашылығын қолдау қорының" мақсаты - ауыл шаруашылығын дамытып, жергілікті халықтың әл-әуқатын арттыру. Сонымен қатар, елді-мекендерде кәсіпкерліктің дамуына жол аша отырып, жұмыссыздық деңгейін азайту болып табылады. Быилғы жылы Қызылорда облысында Қор тарапынан 550 адамға 2 миллиард теңге көлемінде несиелер берілді.

"Қор тарапынан кәсіпкерлерге 16 пайызбен несие берілсе, жұмыссыз жандарға 6 пайызбен несие рәсімдейміз. Оның ішінде - ауылшаруашылық бизнеспен қатар басқа бағыттарға да несиелер беріледі. Қазір кәсіпкерлікке бетбұрыс жасап жатқан жандар көп, бұл өте қуантарлық жағдай. Бизнесті дамыту арқылы, ауылды жерлерде әлеуметтік нысандар ашылып, халыққа қызмет етуде", - дейді Қордың Қызылорда облыстық филиалының директоры Бақытжан Әбиев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети