23 шілде 2018 13:07

Кореялық хирург неліктен қазақстандық балаларға тегін операциялар жасайтынын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Татьяна Бегайкина © Татьяна Бегайкина

Оңтүстік Кореяның Сунчонхян университеті жанындағы госпиталінде қазақстандық қызға операция жасаған хирург Так Мин Сон неліктен тегін еммен айналысатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Оңтүстік Кореяның Сунчонхян университеті жанындағы госпиталінде қазақстандық қызға операция жасаған хирург Так Мин Сон неліктен тегін еммен айналысатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

7 айлық тараздық Әдия есімді қызға Сеулде жасалған операциядан кейін, хирург журналистер сұрақтарына жауап берді. Қайырымдылық операция Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул әкімшілігімен ұйымдастырылғандықтан дәрігермен тілдесуге жергілікті телеарнаның тілшілері де келді. Хирург пен журналистер арасындағы сұхбатты аударуға көмектескені үшін Сунчонхян университеті жанындағы госпиталь үйлестірушілеріне алғыс білдіреміз. 

Дәрігер қойылған сұрақтардың бірі - онсыз да танымал профессорға қайырымдылық операцияларын жасаудың керегі қанша, мұндай міндетті арқалауыңыздың себебі неде?

"Бірнеше жыл бұрын Корея да осындай жағдайда болған. Енді біз үйрендік, дамыдық, өзіміздің тәжірибемізді бөлісетін кез келді. Мен балаларға тегін операция жасап қоймай, балалардың өз елінде емделе алуы үшін дәрігерлерді де тегін үйретуге әзірмін", - деп жауап берді хирург. 

Дәрігер өзге елдерде де медицинаны дамыту үшін болашақта іске асырылатын шаралар туралы да айтып берді. 

"Әрине қайырымдылық медицинаның маңызы үлкен, дегенмен, алда білім алмасу және сапалы медицина барлығына қолжетімді болатын бағдарлама ашу керек деген ойдамын. Біз қазір шетелдік әріптестерімізді клиникамызда тегін іс-тәжірибеден өткізіп, білім алмасуға дайынбыз", - дейді Так Мин Сон. 

Сонымен бірге, профессор қайырымдылық операциялардың неліктен балаларға ғана жасалып жатқанын түсіндірді. Профессордың сөзінше, корей соғысынан кейін елде ерін жарықшасымен туған балалар өте көп болған екен. Сонда есы елге сарбаз болып келген америкалық дәрігер балалрға тегін ота жасай бастаған.  Ол операция жасаған сайын білімін тереңдетіп, осы физиологиялық ақауды жою негізін қалаған қалаған екен.

"Барлық дәрігердің кәсібилігі жоғары болып, барлық науқас лайықты ем алса, әрине тамаша болар еді. Алайда мұның мүмкін еместігін түсінемін. Сондықтан біз алдымен балалар туралы ойлаймыз, қай елде болса да, олар лайықты ем алса деген ниеттеміз", - дейді ол. 

Дегенмен Сеулдегі Сунчонхян университеті жанындағы госпиталіне емделуге келген шетелдіктерге де үлкен жеңілдіктер қарастырылған екен.

Қазақстан және көршілес елдермен салыстырғанда Оңтүстік Кореяда емделу қымбат көрінеді. Алайда кореялық клиникалардағы емдеу мен қызмет сапасы Еуропа, Израиль және АҚШ-та ем қабылдаудан артық болмаса кем емес. Ал осы елдер арасындағы медициналық қызмет бағаларын салыстырсақ, Оңтүстік Корея кемінде үш есе арзан. Оның үстіне Оңтүстік Кореяның өзінде медицина саласында бәсекелестік жоғары, сондықтан клиникалар атын сақтауға тырысады. Осы себепті дәрігерлер пациенттерді шетелдік және жергілікті деп бөлмейді екен.

Мәселен Сунчонхян клиникасында ChekUp (адам денсаулығын диагностикалау, медициналық алдын алу кешені) 480 доллардан басталады. Клиникадағы құрал-жабдық пен аппараттар бес жыл сайын жаңартылып отырады.

Сонымен қатар, клиниканың қонақүйлермен келісімшарты бар болғандықтан емделуге келген пациенттер қонақүйде тұру құнының жартысын ғана төлейді. Мұнымен қоса, клиникамен қонақүй арасында тасымал да тегін. Сеулдегі такси құнын ескерсек, бұл айтарлықтай үнем. Ал бос уақытын қаламен танысуға жұмсағысы келгендер үшін Сеул қаласының Seоuldiscovery туристік қоры тегін экскурсиялар ұсынады. 

Материал Сунчонхян клиникасының қолдауымен дайындалды
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети