31 тамыз 2021 | 13:08

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Қазақстан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады", - деп жазды Берік Уәли Facebook-те.

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Ермекбаевтың жұмысы кезінде мұндай жағдай екінші рет қайталанып отыр. 2019 жылы Арыста жойқын жарылыстар болған еді. 

Бұған дейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысында болған жарылыстардан кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы 1 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген. 1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери Қызыл Ту институтын үздік тәмәмдаған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын "инженер-экономист" мамандығы бойынша бітірген.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап 1991-1996 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Еуропа және Азия елдеріндегі сыртқы-экономикалық өкілдіктерінде жұмыс істеді.

Саяси ғылымдарының кандидаты. "Құрмет" және "Парасат" ордендерімен, "Локальді жанжалдарға қатысушыға. Ангола", "Сыртқы барлауға қосқан үлесі үшін" медальдарымен және басқа да медальдарымен марапатталған.

1996 жылдан 2001 жылға дейін еліміздің жетекші сауда-қаржы құрылымдарында басшылық қызмет атқарды.

2001-2014 жылдары дипломатиялық қызметте болып, Қазақстан Республикасының ҚХР, Вьетнам, КХДР, Сингапурдағы елшіліктерін басқарды. ҚР Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, көмекшісі, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі. 2014-2016 жылдар аралығында және 2018 жылғы сәуір-тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып жұмыс істеді.

2018 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. 2018 жылдың тамызында Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының төрағасы болып сайланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети