Қорғаныс министрлігі Ақтөбедегі оқиғаны теракт деп атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов барлық әскери бөлімдерді күшейтілген режимге көшіру туралы бұйрық берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Жанар Колбаечаеваға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов барлық әскери бөлімдерді күшейтілген режимге көшіру туралы бұйрық берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Жанар Колбаечаеваға сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта күшейтілу жүріп жатыр. Қорғаныс министрі осы жағдайға байланысты елдегі барлық әскери бөлімдердің күшейтілген режимге өтуі туралы бұйрық берді. Барлығына жеделхат жолданды, қазір бөлімдер осындай режимге көшеді", - деп хабарлады телефон арқылы Колбачаева.

Ол Ақтөбеде болған оқиғаның қорғаныс ведомствосына тікелей қатысы жоқ екенін айтады. 

"Антитеррорлық жағдайлар бізге тікелей қатысты болмағандықтан, жауапты құзырлы органдар қазіргі уақытта іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр. Ал біз өз тарапымыздан әскери бөлімдердің күшейтілген режиміне өттік", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі. 

Еске салайық, бүгін Ақтөбенің бірнеше ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар тағы бір қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Арнайы операция кезінде "Паллада" дүкенінің сатушысы қаза тапты және бір адам жарақат алған. Ал әскери бөлімде шабуылға тойтарыс беру кезінде бір офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметші қайтыс болды. Тоғыз әскери жарақат алды. 

ІІМ мәліметінше, шабуыл жасағандардың бірі ұсталды, үшеуінің көзі жойылды, біреуі жарақат алды. "Қазіргі уақытта бірнеше қылмыскер блокқа түсірілді, бірнешеуі жасырынып үлгерді", - деді ҚР ІІМ ресми өкілі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer