15 қараша 2023 11:39

Қорғаныс министріне әскердегі шенеуніктердің ұлдары туралы сұрақ қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Депутат Ринат Зайытов қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан әскерге барған шенеуніктердің балалары туралы сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Депутат Ринат Зайытов қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан әскерге барған шенеуніктердің балалары туралы сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен осы уақытқа дейін министрдің, әкімнің баласы әскерде жүр дегенді естімеймін. Осының аясында жоғарғы лауазымды тұлғалардың не өздерін, не балаларын екі айлық әскери дайындыққа міндеттейтін норма қарастыруға бола ма?", - деп сұрады депутат.

Руслан Жақсылықов ұлын әскерге жібергендер ол туралы әдетте айтпайтынын жеткізді.

"Жүрекпен патриот болу керек. Көзбояушылық жасамау керек. Мысал келтіре кетейін. Бұрынғы ішкі істер министрі, генерал-полковник Қалмұхамет Қасымов екі інісін маған әкеліп, сарбаз болуға жіберді. Сенатор Құл-Мұхаммед мырзаның ұлы беделді мектепті бітіріп, мерзімді қызметтегі сарбаз ретінде қызмет етті, қазір ол АҚШ-тағы әскери училищенің курсанты. Бұл үлгі бола алмай ма?", - дейді министр.

Жақсылықов министр, депутаттардың баласын бөлек қарастырып, мұндай норма қабылдау керек емес екенін айтты.

"Заң бәріне бірдей", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети