Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев Түркістан облысы Арыстағы төтенше оқиға туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев Түркістан облысы Арыстағы төтенше оқиға туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біздің қызметкерлер оқиға орнына кетті. Арнайы комиссия құрылды. Қазіргі уақытта эвакуациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сөзсіз, бұл төтенше оқиға, оның алып жатқан аумағын әлі айта алмаймын", - деді Тимур Дандыбаев журналистерге Сенаттың кулуарында.
Оның сөзінше, мұндай жағдайларда қажетті шаралар жасалады. Оның ішінде эвакуация, бірақ ол үшін оқиғаның деңгейін анықтауымыз керек дейді министр. Вице-министр бұл жағдайды 2009 жылы болған қоймада жанған жарылғыш заттармен салыстыруға болмайтынын айтты. Айта кетейік, қоймадағы жарылыс кезінде оқиға бойынша үш адам қаза тауып, 17 адам зардап шеккен. Қоймада болған жарылыстың себебі жарылғыш заттардың дұрыс сақталмауы деп хабарланды.
"Біз Арыстағы оқиғаны 2009 жылы болған жарылыспен салыстыра алмаймыз. Бұл өте қиын. (...) Қару мен әскери техникамен жұмыс істеудің қауіпті жақтары бар. Біз тексеру жұмыстарын жүргіземіз", - деді Тимур Дандыбаев.
Журналистер әскери техниканың арасында кеңес кезінен қалып қойған қару-жарақтардың бар-жоғын сұрады.
"Бізде кеңес кезінен қалған әскери техниканың бар екенін айта аламын. Олар бізге Кеңес одағынан мұра ретінде қалды. Біз сақтау мерзімі өткен ату жарақтарын уақытында жоямыз. Бұл өте қымбат процесс. Әзірше қандай жағдай болғанын білмейміз. Қару-жарақтың шамамен 50 пайызы қалды. Бұл қажетсіз қару-жарақтарды жою жұмыстарын істеп жатырмыз", - деді Тимур Дандыбаев.
Естеріңізге салсақ, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр.
Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі жарылыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелмегенін хабарлаған болатын. Төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды. Ал қала әкімдігі тұрғындардың жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын хабарлаған. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсыған.
Арыс қаласы түгелдей эвакуацияланады - Шүкеев
Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.