19 қараша 2020 13:47

Коронавирус бойынша жағдай қайта нашарласа, 42500 теңге төлене ме? Министр жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда коронавирус бойынша жағдай қайта нашарласа, 42500 теңге төлене ме, деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда коронавирус бойынша жағдай қайта нашарласа, 42500 теңге төлене ме, деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатор Алтынбек Нұхұлы палата отырысында 4,6 миллион адам пандемия кезінде жұмысынан айрылғаны үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 476 миллиард теңге көлемінде қаржылық көмек алғанын айтты.

"Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, елде күнделікті вирус жұқтыратындардың саны күрт артып, орташа есеппен 600 адам болды. Бұл - алаңдатарлық жағдай. 2021 жылы елдегі коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталмаса, жұмысын уақытша тоқтатқан және табысын жоғалтқан адамдарды қолдауға қандай шаралар болады? Осы мақсаттарға қарастырылатын заң жобасында (2021-2023 жылдарға арналған бюджет - автор) 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік жәрдемақыны ескере отырып, қаражат көзделмеген. МӘСҚ мүмкіндіктері қандай?", - деп сұрады Сенат депутаты министрден.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов заң бойынша МӘСҚ-дан бес әлеуметтік төлем қарастырылғанын айтты.

"Пандемия кезінде ол (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры - автор) әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты. Ауырғандар үшін 476 миллиард теңге қарастырылды. Вирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне тағы 20,5 миллиард теңге төленді.

Бұл шығындар қорға түсетін ақшадан үш есе көп болды. (...) Пандемияға байланысты ел Президенті жағдайды бірқалыпты сақтау үшін қатаң шаралар қабылдауды тапсырды. Қазір Ұлттық банк пен Қаржылық бақылау агенттігімен бірге салдардың алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары бар", - деді министр.

Алайда Нұрымбетов қазақстандықтар 2021 жылы пандемияға байланысты табысынан айырылса, оларға ақша төленетін-төленбейтінін нақтылаған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети