1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Коронавирус және пневмония: тағы 37 адам қайтыс болды 17 сәуір 2021, 09:22

Тағы 37 қазақстандық бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Тағы 37 қазақстандық бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

17 сәуірдегі мәлімет бойынша, 36 757 адам короновирус инфекциясынан (36 292 КВИ+ және 465 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 12 933 пациент стационарда, 23 824 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Кейінгі тәулікте 31 адам қайтыс болды.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 641 адамның жағдайы ауыр;
• 159 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 107 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 15 сәуірдегі мәлімет бойынша 68 жаңа жағдай тіркелді, 6 жағдай өліммен аяқталған. 72 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны - 51 763, өлім жағдайлары - 748, барлығы 50 550 адам сауығып шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!